Академиядағы оқудың артықшылығы – серіктес ЖОО-лардың базасындағы қос дипломды бағдарламаның болуы және АҚШ, БАӘ, Финляндия сияқты елдерде шетелдік тағылымдамадан өту мүмкіндігі.
«Одан басқа, саяси қызметшілердің басқарушылық құзыреттерін дамытуға бағытталған арнайы бағдарламамыз бар. Бұл - жаңа формация басшысы бағдарламасы. Ол бойынша жыл сайын саяси ммелекеттік қызметші оқудан өтеді. Ол - вице-министрлер, әкім орынбасарлары және аудан әкімдері. Сонымен қатар 2023 жылы А корпусының 18 қызметшісі оқудан өткен болатын қайта даярлаудан. Ағымдағы жылы осы жұмыс жалғасатын болады», – деді спикер.
Жобалық қызметке тартылған қызметшілерді де тұрақты негізде оқыту көзделген. Менеджерлердің жалпы саны 189 адамға жетті.