Құрбан айт - күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті, ұлық мереке. Берекеге бастаған бұл мереке бірлік пен игілікке, мейірім мен кешірімге үндейді. 

Айт күндері адамдар құрбан шалып, бір-біріне қонаққа барып, құттықтап, жақындарына амандық пен жақсылық тілейді. Мұқтаж жандарға жәрдемдеседі, қайырымдылық жасайды. 

Баршаңызға амандық, мықты денсаулық, жұмыста табыс тілейміз.

Құрбан айт қабыл болсын!