Қазіргі уақытта мобильді қосымшада биылғы жылғы түлектердің аттестаттары қолжетімді. Алдыңғы жылдардағы түлектердің аттестаттарын толық цифрландыру 2027 жылға дейін кезең-кезеңмен жүргізіледі:

2024 жылы – осы жылдың түлектерінің аттестаттары; 
2025 жылы – 2010-2023 жылдардағы түлектердің аттестаттары; 
2026 жылы – 1991-2009 жылдардағы түлектердің аттестаттары;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап сұраныс бойынша 1991 жылға дейін берілген аттестаттар цифрлық формата қолжетімді болады.

Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру дипломдарын цифрландыру жалғасуда:

2024 жылы – 2004-2023 жылдары берілген дипломдар; 
2025-2026 жылдары – 2004 жылға дейін берілген дипломдар цифрландырылады.

Бұл түлектер мен олардың отбасыларына қолайлы жағдай жасау және білім беру құжаттарына қолжетімділікті оңайлатуға бағытталған қадам.