Өтінімдердің басым бөлігі Қарағанды, Жетісу, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматыда қабылданды. Ұлытау, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының тұрғындардың белсенділігі төмен болды.

Өтінімдер тек қатысушылардың атынан ғана берілмеді, 1482 отбасын ұйымдар мен еңбек ұжымдары ұсынды.

Дәстүр бойынша «Мерейлі отбасы» конкурсының марапаттау рәсімі Отбасы күні қарсаңында өткізіледі. Жеңімпаздар 1 миллион теңгеден алады.

10 жыл ішінде ұлттық байқауға 20 мыңнан астам отбасы қатысты.