Сондай-ақ ведомство сауда инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр. 

«Қазіргі заманғы сауда форматтарының үлесі 33%-ға дейін жетті, оның ішінде 19 базарды жаңғырту, сауда орталықтарын және сақтау инфрақұрылымын салу есебінен ұлғайтылды. Мұнда базарларды жаңғырту бойынша жұмыс ерекше бақылауға алынғанын атап өткім келеді. Сауда базарларын жаңғырту бойынша жол картасы бекітілді. Жол картасында көзделген іс-шараларды іске асыру нарықтарды жаңғыртуды жүргізудің тұрақты мониторингін және аяқталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді спикер. 

Жалпы, Жол картасында 75 базарды жаңғырту көзделген. Бүгінгі таңда сауда нарықтары қала құрылысы, санитарлық, өрт стандарттарына сәйкес келмейді. Сондықтан ведомство мамандары өңірлерге барып, базарларды жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға мониторинг жүргізіп, жаңғыртуды қажет ететін объектілерді анықтап жатыр. Нәтижесінде жаңғыртылуға тиіс 64 базар анықталып, соған сәйкес Жол картасына өзгерістер енгізіледі.