450 млрд теңге мөлшеріндегі ұзақмерзімді несие қаражаты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ға тиісті келісім шеңберінде бөлінетін болады. Бұл шараларды 2024-2027 жылдар аралығында іске асыру жоспарланып отыр.
Инвестициялық жоба Қазақстанның барлық аумағында іске асырылады. Облыс орталықтарын Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ұлытау облыстарының елді мекендерімен байланыстыратын жолдарды да, республикалық маңызы бар трассаларды да қалпына келтіру жоспарлануда.
Сонымен қатар су өткізгіш құбырлардың апатты көпірлері қайта жаңартылады. Сондай-ақ жолдардың қалпына келтірілген учаскелерінде көлік құралдарының салмағы мен көлеміне қатысты параметрлерін өлшеудің автоматтандырылған жүйесін іске қосу көзделген.
Жалпы, жобаны іске асыру автомобиль жолдарының техникалық сипаттамасын жақсарту арқылы өңірлердің көліктік-логистикалық әлеуетін ашуға елеулі үлес қосады. Көлік магистральдарының өткізу қабілеті мен жайлылығы артады. Жол бойындағы елді мекендердің одан әрі дамуына да серпін берілмек. Халықтың іскерлік белсенділігі артады. Көлік қызметтерін ақпараттандыру процесі жеделдетіледі. Көлік тасымалдарына қаржылық және уақытша шығындар қысқарады, бұл өз кезегінде елдің аграрлық және өнеркәсіптік секторларының дамуына оң әсер етеді.