Құжат ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика саласындағы 2030 жылға дейінгі ынтымақтастығының негізгі бағыттарын айқындайды, оның ішінде, энергетикалық ресурстардың транзиттік әлеуетін дамыту перспективалары және экспорттық маршруттарды әртараптандыру мүмкіндігі; саланы дамыту басымдықтарының теңгерімін құра отырып, жаңа энергетикалық жүйені қалыптастыру; дәстүрлі энергия көздерін жаңғырту, саланы жүйелі жетілдіру; ЖЭК пайдалану саласындағы инновациялық технологиялар мен ғылымды дамыту, сутегі энергетикасы; энергия үнемдеу саласында жаңа шешімдер іздеу және энергия тиімділігін арттыру бар.

«Бекітілген стратегияда біз ШЫҰ елдерінің ұлттық жағдайларына сәйкес теңдестірілген тәсілді жүргізу, дәстүрлі және жаңартылатын энергетиканы дамыту қажеттілігі туралы ортақ пікірге қол жеткіздік», –деп атап өтті министр А.Сәтқалиев.

Сондай-ақ, энергетикалық ведомстволардың басшылары энергетикалық ынтымақтастықты дамытудың стратегиялық тәсілдерін, мүше мемлекеттердің, байқаушы мемлекеттердің және ШЫҰ диалогы бойынша әріптес елдердің энергетикалық секторының орнықтылығы мен дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа тәсілдерді дамытуға жәрдемдесуді және нақты шешімдерді әзірлеуді талқылады.

Министрлер жаһандық және өңірлік энергетикалық күн тәртібін дамытудың ағымдағы жағдайы мен перспективалары жөнінде пікір алмасты, энергетика саласын дамытуды, атап айтқанда, осы саладағы жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту және қаржыландыру мүмкіндіктерін талқылады.

Анықтама: Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы – бұл қатысушы елдердің диалогы мен ынтымақтастығы үшін алаң болып табылатын өңірлік ұйым. Бүгінгі таңда ШЫҰ әлемдік ЖІӨ-нің шамамен үштен бірін, Еуразия аумағының 60%, планета халқының 42% құрайды. Энергетика саласы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы шеңберінде аса маңызды болып табылады, өйткені ол өзара іс-қимылдың барлық салаларын, атап айтқанда экономикалық саланы дамытуға жәрдемдеседі. ШЫҰ ірі өндірушілерді, транзиттерді және энергия ресурстарын тұтынушыларды біріктіреді.