Жыл сайын 23 маусымда қазақстандық полицейлер өздерінің кәсіби мерекелерін тойлайды.
Қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу – мұның бәріне жоғары кәсібилік қана емес, сондай-ақ батылдық, борышқа адалдық, жауапкершілік қажет. Барлық полиция қызметкерлеріне кез келген сәтте көмекке келуге дайын болғаны үшін алғыс айтамыз. Тәртіп сақшыларының жұмыстарының тиімділігі - қазақстандықтардың қауіпсіз өмірінің, ертеңгі күнге деген сенімінің кепілі.
Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, амандық тілейміз!
Мереке құтты болсын!