23 маусымда Мемлекеттік қызметші күні аталып өтіледі. 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бұл күн халықаралық мереке мәртебесіне ие болды. Қазақстанда Мемлекеттік қызметші күні 2013 жылдан бері тойланып келеді.
Ел Президенті мемлекеттік қызметті озық сала ретінде қалыптастыруға ерекше назар аударып, заман талабы мен қоғамның сұранысына жауап беретін жұмысқа жаңа тәсілдерді енгізу қажеттігін атап өтті. Ең бастысы - ел мен халықтың игілігіне адал еңбек ету.
Мемлекеттік қызметшілерді мерекемен құттықтаймыз. Зор денсаулық, амандық және толағай табыс тілейміз!