«Біздің серіктестеріміз бөлген қаражат бірінші кезекте жүлделерді төлеуге бағытталатын болады. Олардың жалпы сомасы 253 млн теңгені құрайды. Әр спорт түрі бойынша жеке және командалық жүлделер тағайындалады. Көкпар мен көк бөріден жеңімпаз команда 10 млн теңге, екінші орын алған команда 6 млн теңге, үшінші орын үшін 4 млн теңге алады. Жеке спорт түрлерінде алтын медаль иегерлері 500 мың теңгеден алады, екінші орын 300 мың теңге көлемінде марапатталады, қола жүлдегер 200 мың теңге алады», - деп түсіндірді спикер. 

Жеке жүлделерді дәстүрлі түрде ат спорты түрлерінде өнер көрсететін спортшылар алады: «тегіс жарыстарда» жеңімпаз 2 млн теңге алады, жорға, құнан бәйге, топ бәйгеде 3 млн теңгеден, аламан бәйге жеңімпазы 5 млн теңге алады. 

Бұдан бөлек, әріптестердің қаражаты шетелден келетін ғылыми бағдарлама спикерлеріне, мәдени бағдарламаға қатысушыларға арналған кәдесыйлар мен авиабилеттерді сатып алуға жұмсалатын болады. 

Ойындардың барлық жеңімпазы мен жүлдегері ойындар үшін арнайы әзірленген бірегей медальдарға ие болады. Наиль Нұров олардың дизайны, ерекшеліктері мен символикасы туралы айтты.