Елімізде ана мен баланың құқығын қорғау, әлеуметтік және денсаулық жағдайын жасау туралы түрлі қорлар, кеңестер мен қоғамдық ұйымдар жұмыс істеуде. Халықаралық ұйымдар тарапынан да үнемі практикалық қолдау көрсетіледі.

«Осыған қарамастан, жасөспірімдер арасында босану мен түсік жасату, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, ана мен бала өлімі фактілері елімізде орын алуда. Сондықтан бұл сала әлеуметтік көмекті қажет ететін ең өзекті мәселеге айналып отыр. Жастардың денсаулығы - ұлттың болашағы, ұлттың сапасының негізі десем артық айтпаспын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне тоқтала кетсек, жыл сайын бүкіл әлемде 15-19 жас аралығындағы 12 млн қыз бала ана атанады екен, оның 775 мыңы - 15 жасқа дейінгі жасөспірім екенін мәлімдеп отыр», – деді спикер.

Жалпы елімізде 18 жас аралығындағы балалар саны 7 миллионға жуық,  оның ішінде ұлдар 51%, қыздар 48-49%-ды құрайды. Қала/ауыл бөлінісінде балалар арасындағы ұлдар мен қыздардың да үлесі бірдей. Бала туу жасындағы әйелдер саны елімізде 4,7 млннан асады.