Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір Шығыс Қазақстан облысының Жарма, Катонқарағай, Күршім, Көкпекті, Зайсан, Алтай аудандары арасындағы көлік құралдарының үздіксіз қозғалысы үшін маңызды нысан.

Салынып жатқан көпір өткелінің жалпы ұзындығы 20 шақырымды құрайды. 21 тіректің 18-і салынып, қалған үш тірек бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Нысанда арнайы айлақ, жиынтықтаушы бөлшектерді дайындауға арналған уақытша құрылыс алаңдары жұмыс істейді, сондай-ақ инженерлік желілер тартылған. Жұмысты жеделдету мақсатында көпірдің құрылысы бір мезгілде сол және оң жағалаудан қатар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта уақытша технологиялық көпірдің құрылысы толығымен аяқталған. Бұл аталған құрылыс жұмыстарын орындау үшін қажетті алаңдармен қамтамасыз ететін аумақ. Кірме жолда жер төсемін орнату және құм-қиыршық тас төсеу жұмыстары аяқталды. Алдағы уақытта жалғасатын құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған барлық қажетті материал дайын. Учаскедегі жұмысшылар екі ауысымда істейді, жалпы саны 200-тен астам адам жұмылдырылылған.