Ішкі істер органдары жыл сайын уәкілетті органның, бүгінгі таңда ол Ауыл шаруашылығы министрлігі, бастамасымен өткізілетін Каспий маңы өңірлерінде – «Бекіре» және сол кезеңде еліміздің қалған облыстарында – «Уылдырық шашу» балық қорғау акцияларына белсенді қатысып, жоғары тиімділігін көрсетуде.
«Алайда, полиция қызметкерлері браконьерлікке қарсы күрестегі жұмысын тек осындай акциялар аясында ғана емес, күнделікті қызметінде де атқаруда. Ол үшін Министрік ішінде табиғатты қорғау полиция бөліністері қарастырылған. Министрлікпен браконьерліктің жолын кесу бойынша кешенді өзіндік және құзырлы мемлекеттік органдармен бірлескен шаралар қолдануда», – деді спикер.
Мәселен, қазір Атырау және Маңғыстау облыс әкімшіліктерімен полиция департаменттеріне жүзу құралдарын алу мәселесі бойынша сұрақ пысықталуда. АШМ және ЭТРМ бірлесе қолданымдағы заңнамаға браконьерлік саласында өзгертулер ұсынылуда.
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында Ішкі істер министрлігі Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау академиясымен бірлесе табиғатты қорғау полиция қызметкерлері үшін тренинг өткізуде. Бұл тренингке қосымша балық шаруашылығы қызметкерлері де шақырылды. Тренинг БҰҰ өкілдерінің қатысуымен өтетін дөңгелек үстелмен аяқталады.
Аталған шаралар ішкі істер органдарының экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу және олармен күресу бойынша жұмысының сапасына жақсы әсер етеді.
Әлішер Жармағамбетов құқық бұзушылық куәгері болған азаматтарды жедел шара қолдану үшін көпке ұзатпай уәкілетті органдарға ақпаратты жолдауды сұрады.