«Қазіргі уақытта біздің ұлттық құрама команда барлық делегацияға форма жасап, Астанаға келіп, таратады кесте бойынша. Форманың сапасын, оның орындалуы, дизайны БАҚ өкілдеріне 5 шілдеде Штабта көрстетілетін болады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық БАҚ өкілдерін шақырамыз. Біз тұсаукесерін жасаймыз», – деді спикер.
Сондай-ақ вице-министр Олимпиада ойындарынан хабар тарататын БАҚ-қа да тоқталып өтті. Делегациядағы 118 адамның арасында 17 БАҚ өкілі бар. Qazaqstan, Jibek joly, «Хабар Агенттігі» АҚ теларналарынан 8 журналист аккредиттеуден өтті.