Туристердің басым бөлігі Алматы, Астана қалаларына, сондай-ақ Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарына тоқтаған.

Сондай-ақ орналастыру орындарының саны 156 бірлікке артып, 4004-ке жетті. Біржолғы сыйымдылық 7 мың төсек-орынға өсіп, жалпы 207 мың төсек-орыннан асты. Бұл – туристерді орналастыру мүмкіндігі айтарлықтай артқанын көрсетеді.

«Қонақүйлер мен басқа да орналастыру орындарының ұсынған қызмет көлемінің ұлғаюы Қазақстанға туристік бағыт ретінде қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Біз туристік инфрақұрылымды дамытуды және елімізге келетін қонақтарға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуды жалғастырамыз», - деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.