Елімізде шілде айының бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі.

Бұл қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыратын күн.
Мұң-қайғысын, қуанышын домбыраның үнімен жеткізе білген қазақ халқы киелі аспапты төріне ілген. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». 

Ұлттық құндылықты ұлықтауға арналған мерекеге орай баршамызға денсаулық, амандық тілейміз. Еліміздің абыройы асқақтап, өсіп-өркендей берсін!

Мереке құтты болсын!