Бүгінгі таңда орындықтар, урналар, барбекю алаңдары, контейнерлік алаңдар, киім ауыстыратын бөлмелер, дәретханалар орнатылған, сондай-ақ суда жүзу сигналдары бар. Бейнебақылау камералары, ескерту жүйесі қойылды.
Балаларға арналған ойын алаңдары және белсенді өмір салтын сүйетіндер үшін футбол, волейбол, теннис алаңдары салынды. Экологиялық акциялар жалғасуда.
«Бүгін акция аясында біз өзендер мен жол жиектерін қоқыстардан тазарттық. Бұл іс-шара өзінің жалғасын табады. «Таза Қазақстан» акциясы қоршаған ортаның тазалығын сақтауға ықпал етіп қана қоймай, өскелең ұрпақтың туған өлкесінің табиғатына ұқыпты қарауға деген ұмтылысын тәрбиелейтін маңызды іс-шара деп санаймын», – деді Глубокое ауылының тұрғыны Роза Советханқызы.
Облыста «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жоғары тиімділігі үшін «Эко сақшы» жобасы басталды. Бірінші эко-тур Самар ауданында өтті, онда Самар ауданының ауылдық округтерінен тағайындалған экопатрульдерді оқыту бойынша семинар ұйымдастырылды. Соңында ауданның эко сақшылары және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының белсенділерінің, волонтерлерінің қатысуымен Бұқтырма су қоймасының жағасында сенбілік өткізілді.
Акия басталғалы Шығыс Қазақстан облысында 204 саябақ пен сквер, 323 тарихи-мәдени ескерткіш және 859 әлеуметтік нысан ретке келтірілді. 6,8 мың су нысаны, 26 субұрқақ, 348 км арық тазартылды. Елді мекендерде 29 мың тонна қоқыс шығарылды.
Қазір өңірде 42 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттерін жөндеу және муралдар салу жұмыстары жүргізілуде. Іс-шаралар елді мекендердің бірыңғай сәулеттік келбетін беруге бағытталған.