Оның айтуынша, Ақтөбеде Хериот Уатт университетінің филиалында Қазақстанның 9 өңірінен жастар оқиды. Биыл мұнда РФ Тула облысынан алғашқы студент оқуға түсті. 

«Солтүстік Қазақстанда Аризона университетінің филиалында Қазақстанның 18 өңірінен жастар білім алуда. Сондай-ақ, Атырау облысында Губкин атындағы университеті, Алматы қаласында МИФИ университінің филиалдары табысты жұмыс жасауда. Бұл филиалдар биыл 3-рет қабылдауды жүзеге асырып келеді. 2023 - жылдан бастап Ақтауда Есенов университетінде неміс университеттерінің консорциумы арқылы Тұрақты инжиниринг институты құрылды.  Сонымен қатар, Шығыс Қазақстанда Быдгощ қаласының Экономика университетінің филиалы және Қызылордада Сеултех университетімен бірлесіп, Жасанды ителллект жоғары мектебі ашылды», – деді спикер.

Биылдан бастап Сәтбаев университетінде әлемнің жүздігіне кіретін  Гонконг СіtyU университетінің қос диплом бағдарламасымен серіктестікті бастады. Жақында ғана Қытай және Қазақстанның президенттері ашқан Бейжің тіл және мәдениет университеті қызметін бастады. Абай университетінің базасында Лотарингия университетінің,  Дулати университетінің базасында Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында - Ташкент ауыл шаруашылығын ирригациялау және механикаландыру инженерлері институтының филиалдары жұмыстарын бастады.