ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Баймағанбетов ОКҚ алаңында айтып өткендей, білезіктер сотталғандарды тұрақты қашықтықтан бақылауды жүзеге асыруға және қадағалауды күшейтуге мүмкіндік береді, бұл тәсіл қайталанған қылмыстардың алдын алу арқылы профилактикалық әсер етеді.  

«Жоба алғаш рет сервистік модель бойынша ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық техникалық талабын сақтай отырып, оларды жалға берушілерден қызметтерді сатып алу жолымен іске асырылды. Алдын ала есептеулер мен талдаулар жалдау жабдықты сатып алудан гөрі тиімдірек екенін көрсетті, өйткені экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, сатып алуға жұмсалған қаражаттың айырмашылығы жалдау сомасынан бірнеше есе асады. Біз АҚШ, Ұлыбритания, Ресейдің халықаралық тәжірибесін зерттедік. Бұл білезіктерді сатып алуға байланысты ықтимал шығындар көбіне зауыттық ақау, кепілдік қызмет көрсету шарттарына жатпайтын білезік элементтерінің зақымдануы сияқты жағдайлармен байланысты екенін көрсетеді», – деді спикер.   

Қазіргі уақытта еліміз бойынша барлығы 2,5 мыңнан астам электрондық білезік қолданылады. Электрондық бақылау құралдарын қолдану есебінен пробация қызметкерінде сотталған адамның нақты уақыт режимінде жүріп-тұруы туралы ақпарат алуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар платформада  сотталушының екі жылдан астам уақытқа созылатын алдын-ала жүру маршруты жайлы мәліметтер жазылады. 

Ойын-сауық орындарына баруға тыйым салу немесе сағат 22.00-ден кейін үйден шығу сынды пробациялық бақылау шарттары бұзылғанда, жедел кезекшіге және пробация қызметкеріне одан әрі шаралар қабылдау үшін оқиға туралы хабарлама келіп түседі. Сондай-ақ білезік белдігі үзіліп, батарея қуаты 15% - ға дейін төмендеген кезде хабарландырулар келеді. Білезіктер «SOS» батырмасымен жабдықталған, сотталғандар оны шұғыл көмек қажет болған жағдайда қолдана алады. Электрондық мониторингті қолдану сотталғандардың қызметкерлермен тікелей байланысын барынша азайтуға мүмкіндік береді және болашақта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен қызметкерлердің әрекеттеріне шағымдар санының төмендеуіне әсер етеді деге