«Жол 50 жыл бойы жөндеуді қажет етті. Қазір күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Құрылыс барысында отандық материалдар қолданылды. Күре жол пайдалануға берілгеннен кейін Транскаспий халықаралық транзиттік дәлізіне еліміздің аумағы бойынша шығу уақыты 2 сағатқа қысқарады», - деп атап өтті көлік министрі Марат Қарабаев.

Күрделі жөндеу жұмыстары аясында мамандар теміржол арқылы өтетін өткел, үш мал айдау өткелін, жолды уақытылы күтіп-ұстауға мүмкіндік беретін база мен 18 су өткізу құбырын орнатты.

Күрделі жөндеу жұмыстары жолдың өткізу қабілетін арттыруға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.