Сондай-ақ ол көлік құралын тоқтатқан кезде полиция қызметкері мен жүргізушінің, оның ішінде жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезіндегі іс-қимыл тәртібі туралы да түсініктеме берді. Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу - көлік құралын тоқтату үшін негіз болып табылады. Полиция қызметкері бұл іс-шаралардың өткізілуі туралы құжаттарды көрсетуге міндетті емес
Қ.Сұлтанбаев халықты толғандырып жүрген тағы бір мәселе - терезені қараңғылау туралы айтып өтті.
«Біз, жол ережелерінде пленкаларды қолдануға тыйым салу нормасын алып тастадық, өйткені Кеден одағының техникалық регламентінде міндетті талаптар реттелген. Көру аймағын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар төмендегідей міндетті нормаларды қамтиды. Олар көлік құралын дайындаушымен, яғни заводом изготовителем шығарылған әйнектермен жабдықтауға; жүргізуші орнынан көруді шектейтін қосымша заттардың немесе жабындардың болуына шектеулер қою; жүргізуші үшін алдыңғы көру аймағын қамтамасыз ететін әйнек пен әйнектің жарық өткізгіштігі кемінде 70% құрауы тиіс; түстердің теріс қабылдануына ықпал ететін қою бояуды пайдалануға және алдыңғы әйнектердің боялуына жол берілмейді», – деді Комитет басшысы.
Сондай-ақ бірқатар халықаралық шартта осындай шектеу нормалары көзделген. Осылайша, аталған заңнамалардың нормаларына сүйене отырып, әйнектерді қараңғылауға, жарық өткізгіштігінің белгіленген пайызына және олардың қауіпсіздігіне жол беру көлік құралдарын өндіруші зауыттар орнатқан, өндіруші зауытта жасаған әйнектерге қатысты.
Парламент Мәжілісінің депутаттық бастамасы шеңберінде қала сыртындағы жолдардың түзу сызықты учаскелерінде «орташа жылдамдықты» асырғаны үшін жауапкершілік енгізу жоспарлануда. Апаттылықтың талдауына сәйкес, қала маңындағы жолдарда жылдамдықты арттыру адам шығынымен болатын апаттың негізгі себебі болып табылады, сондықтан бұл норманы енгізу қала маңындағы жолдарда жылдамдықты төмендетуге мүмкіндік береді.
«Бұл жерде де көптеген дау-дамайлар болды, айқындап түсіндіре кетейін. Орташа жылдамдықтың артуы әкімшілік жауапкершілікке негізсіз тартуды болдырмау үшін тек белгілі бір нүктелердегі жолдарда және түйісуі жоқ учаскелердегі жолдарда ғана тіркеледі. Қосымша камераларды орнату көзделмейді, жолдағы бұзушылықтарды тіркеу қолданыстағы бақылау-өлшеу жүйелерімен жүзеге асырылатын болады. Полицияның негізгі жұмысы халыққа көрінбейді және көбіне оларға қатысты емес, өйткені халықтың басым бөлігі заңға бағынады, ал жауапкершілікті күшейту, жаңа әдістер енгізу, камералар желісін кеңейту тек өрескел бұзушыларға қатысты», – деді Қ.Сұлтанбаев.
Олармен күресудің бір құралы «Қорғау» бағдарламасы болып табылады. Ол жалған нөмірлері бар, сақтандырусыз, іздеуде жүрген немесе жүргізушілері жол ережелерін жиі бұзатын және айыппұл төлемейтін көліктерді автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. Жүйе көше камераларының деректерін талдай отырып, «қауіпті» жүргізуші туралы жақын маңдағы полицейдің планшетіне хабарлама жібереді. Осылайша, полиция жол ережелерін өрескел бұзғандарға дереу ден қою шараларын қабылдайды. Оның көмегімен жыл басынан бері жалған нөмірлерді пайдаланудың 200-ге жуық дерегі анықталды. Жүргізуші куәлігінен айырылған 1 мыңнан астам жүргізуші анықталды, айыппұл тұрағына 8 мыңға жуық автокөлік қамалды. Бұл цифрлық шешімдер көлік жүргізу мәдениетін арттыруға және жазаның бұлтартпаушылық принципін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.