«Яғни, енді үлестік қатысу шарттарын тек онлайн форматта ғана емес, оны жасасу кезінде құрылыс салушының үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты бар-жоғын көруге болады, болашақта объектілер құрылысының тоқтап қалу қаупін азайтады. Қызмет көрсету уақыты 1 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Сондай-ақ «Қазреестр» жүйесі ел бойынша үлестік қатысу шарттарының орталықтандырылған есебін жүргізуге және үлестік объектілерді салу барысына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл жүйе «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы болып табылатын Қазақстандық тұрғын үй компаниясының базасында әзірленіп жатыр. Азаматтарды тұрғын үйді үлестік қатысу шарттары бойынша сатып алу кезінде үлестік қатысу шарттарын тіркеу жөніндегі функционалды пайдалануға шақырамын», - деп атап өтті вице-министр.
Ал құрылыс компаниялары мен құрылыс процестеріне қатысушыларына қолайлы етіп жасалған Е-Qurylys ақпараттық жүйесінде құрылыстың барлық қатысушысы үшін бірыңғай цифрлық алаң құруды көздейді: тапсырыс беруші, мердігер ұйым, қадағалау және тергеу органдарын тарту мүмкіндігін беретін техникалық және авторлық қадағалау.
Е-Qurylys порталында 63 мыңнан астам тіркелген пайдаланушы бар. Е-Qurylys жүйесі деректерді API арқылы жүктейтін «шина» болып табылады. Осылайша, құрылыстың құжат айналымын автоматтандыратын ішкі жүйесі бар кез келген компания бюрократия мен есеп беру уақытын қысқарта отырып, деректерді онлайн форматта қосып, жібере алады.
«Біз нарық қатысушыларымен жұмыс жүргіземіз және цифрлық шешімдері бар құрылыс компанияларын да, құрылыс нарығына қатысушылар үшін осындай цифрлық өнімдерді жасауға мүдделі IT компанияларын да бізбен жұмыс істеуге және құрылыстың барлық құжат айналымын цифрлық форматқа көшіруге шақырамыз. ІТ компанияларды құрылыстағы құжат айналымын цифрландыру саласына назар аударуға шақырамыз», - деп түйіндеді спикер.