Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова атап өткендей, Ахуалдық орталық келтірілген залал туралы өтініштер бойынша өңірлермен жұмыс істейді: өтінішті eGov жүйесінде қабылдау және тіркеу, үйді қалпына келтіру, жөндеу немесе қайта салу жайында шешім қабылдауға қажетті техникалық тексеріс жүргізеді. Техникалық аудит қорытындысынан кейін аймақтағы комиссия тұрғын үйді салу, сатып алу немесе жөндеу туралы шешім қабылдайды.
«Ахуалдық орталық күн сайын қалпына келтіру жұмыстарына мониторинг жүргізеді. Осылайша, құрылыс мониторингі процесінде жұмыстың 11 кезеңі тексеріледі. Бүгінде біз қалпына келтіріліп жатқан әрбір тұрғын үйдің жай-күйін, құрылыс мерзімдерін, сондай-ақ Министрлік жедел түрде шешуге тырысатын өңірлердегі проблемаларды көріп отырамыз», - деді спикер.
Ахуалдық орталық Министрліктің басқа да кейстері бойынша, мысалы, үлестік объектілер құрылысына мониторинг жүргізу жұмысын жалғастырады.