«Азаматтардың ыңғайы мен атқарушылық іс жүргізу процесінің ашықтығын арттыру үшін арнайы сервистер (берешекті онлайн төлеу, СМС хабарлама, жүйедегі тараптар кабинеті, борышкерлер тізімі) құрылды және сәтті қолданылуда, олар міндетті орындау бойынша барлық іс-әрекетті қадағалап қана қоймай, сонымен қатар барлық шектеу шарасын автоматты түрде алып тастай отырып, онлайн режимде берешекті төлеуге мүмкіндік береді. Осылайша, атқарушылық өндірісті модернизациялау оның сапасын едәуір жақсартты және жүйені қоғам үшін ашық қылды», – деді спикер.