Бағдарлама инвестицияларға «тапсырыс» моделіне көшуді көздейтін өңірлердің инвестициялық бағдарламасының 17 мамырда мақұлданған тетігінің логикалық жалғасы болды. Астана осы модельді енгізу үшін пилоттық аймақ болып таңдалды.
Отырыс барысында бірқатар ірі жобалардың жүзеге асырылу барысы мен келешегі талқыланды. Аммиак, карбамид және калий тыңайтқыштарын өндіруге бағытталған «KazAzot Prime» және «QAZAQ KALIUM LTD» сияқты жобаларға ерекше назар аударылды. Бұл жобалар аграрлық секторды қажетті тыңайтқыштармен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады және өңір экономикасының дамуына ықпал етеді.
Энергетика секторына инвестициялар тарту күн тәртібіндегі жеке мәселе ретінде қарастырылды.