Қазіргі уақытта Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін нығайтуға тікелей байланысты салада жол-құрылыс жұмыстарының, жүк тасымалының көлемі ұлғайып, халықаралық әуе рейстерінің географиясы кеңейіп келеді.

Көрсеткіштерге тоқталсақ, биыл 12 мың шақырым жол жөнделді. Бұл рекордтық көрсеткіш. 33 елге халықаралық рейстер жүзеге асырылады, жарты жылда Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша 2 млн тоннадан астам жүк тасымалданды. Көлік саласында 670 мыңға жуық адам еңбек етеді. 

Құрметті көлік қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Зор денсаулық, бақыт, амандық, толағай табыс тілейміз!