Атап өтетін болсақ, 858 грантты елорда әкімдігі бөліп отыр. Бұл – әкімдіктер арасындағы ең үлкен көрсеткіш. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан облысы – 270 грант, Абай облысы – 200 грант, Маңғыстау облысы – 175 грант, Ақмола облысы – 160 грант және Жетісу мен Қызылорда облысы – 100 грант, қалған аймақтар 100-ден аз грант бөлген.

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына өтініш беру қажет. Сондай-ақ ЖОО-ға білімі туралы құжат, ҰБТ сертификатын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жеңілдік санатын растайтын құжаттарды (бар болған жағдайда) тапсырады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты әкімдіктерден, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алуға болады. Грант беру туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.

Сонымен қатар, 3000-ға дейін грант қайта бөлінеді; 870 жұмыс берушілерден грант; 800 Түркістандағы Халықаралық Туризм және қонақжайлылық университетінің гранттары; ректорлық гранттар; 850 «Қазақстан халқына» қорының гранттары; 500 Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқу үшін Түркия Республикасынан берілетін грант; сессия қорытындысы бойынша бос гранттар алу мүмкіндігі.

Барлығы 8000-нан астам қосымша гранттар қарастырылған.