Қазіргі уақытта келесі қызметтер қол жетімді: автокөлік бойынша онлайн мәмілелер; Цифрлы ипотека; Цифрлы нотариат; жылжымайтын мүлікті онлайн сатып алу; соттан тыс банкроттық; автокөлікті заңдастыру; «Несиені тоқтату» сервисі – қарыз алудан ерікті түрде бас тарту; құмар ойындарға қатысуды және бәс тігуді шектеуге арналған сервис; еGov Mobile-дағы еңбек шарттары; білім берудің ресми құжаттарына апостиль қою; ТЖ шығындарын өтеу; борышкерлер тізілімі бойынша шетелге шығуға тыйымның бар-жоғын тексеру қызметі және басқалар.
Заңды тұлғалар үшін мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері де жеңілдетілді:
- eGov Business мобильді қосымшасы;
- «Заңды тұлғаның цифрлы сенімхаты» сервисі;
- лицензиялардың 100% онлайн форматта қол жетімді;
- лицензиялардың 12 түрі «автоматты түрде қол қою» режиміне ауыстырылды.
е-Otinish Бірыңғай платформасы аясында азаматтардан 6,8 миллион өтініш қабылданды. Талдау қорытындысы бойынша қазір Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген 29 «жасырын» қызмет анықталды. Өтініш берушілердің бағалауы бойынша жауап сапасына қанағаттану 17,5%-ға өсті.
Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының Бірыңғай платформасын енгізу жалғасуда, бұл мемлекеттік ұйымдар үшін 4055 сайт жасауға мүмкіндік берді. Мемлекеттік органдарды цифрландыру шеңберінде бағдарламалық өнімдерді әзірлеуді және енгізуді жеңілдететін іс-шаралар өткізілді, бұл азаматтарға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартады. Мысалы, су тасқынынан зардап шеккен халықты қолдау үшін qoldau.gov.kz бірыңғай порталы іске қосылды.
Заңнамалық деңгейде цифрлы трансформацияға ықпал ететін нормалар бекітілді. Мемлекеттік органдардың жұмысын автоматтандыру және «QazTech» платформасы арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсыну үшін бағдарламаларды әзірлеп, енгізу рәсімдері жеңілдетіледі.