Оның айтуынша, жалған немесе контрафактілі өнімді сату және тұтыну қоғам үшін үлкен проблемаға айналып отыр. Бұл жосықсыз бәсекелестік арқылы пайда мен беделін жоғалтатын сауда белгілері иелерінің құқықтары мен мүдделерін бұзып қана қоймайды, сонымен қатар тұтынушылардың, әсіресе, тәттілер мен ойыншықтарды жақсы көретін балалардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді.


«Ұлттық заңнамаға сәйкес зияткерлік меншік құқықтарын бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық кодексте екі бап көзделген. Тауар белгілері мен өнеркәсіптік меншік құқығының объектілеріне қатысты құқықтарды қорғаудың бір тәсілі Әділет министрлігі жанындағы Апелляциялық кеңесте дауларды сотқа дейін қарау болып табылады», - деді спикер.   


Апелляциялық кеңес Ұлттық зияткерлік меншік институтының тауар белгілерін, географиялық нұсқауларды тіркеуден бас тарту, өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге және селекциялық жетістіктерге патенттер беру туралы шешімдеріне немесе өтініш беруші тіркелген тауар белгілерін тіркеуге қарсылық білдірген жағдайларды қарастыратын алқалы орган болып табылады.


Бұл тетік сот жүйесіне жүктемені азайту және адамдардың шағымдары мен өтініштерін қарауға қол жеткізуін жеңілдетуді көздейді. Апелляциялық кеңес шешімдерінің 78% -ына шағым түсірілген жоқ, шығарылған шешімдердің жалпы санының тек 22% - ы ғана сотқа жіберіледі. Бұл сандар сотқа дейінгі рәсімнің тиімділігін көрсетеді.