Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін азаматтар 55 жасқа толғанда және олар үшін кемінде 84 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы төленген кезде арнаулы әлеуметтік төлем алуға құқылы. Еңбек өтілі кемінде 7 жыл болуы керек. 

«Арнаулы төлем тағайындауға өтініш білдіргендердің ең көп саны Қарағанды өңірінде – 1,6 мыңнан астам адам, Қостанай өңірінде, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, сондай-ақ Ақмола облыстарында бар. Арнаулы төлемнің орташа мөлшері 208 мың теңгені құрайды. Маңызды шарт: арнайы төлем алатын жұмысшылар зиянды еңбек жағдайынан зиянсызға ауысуы керек, сонымен бірге арнайы төлемнен басқа жалақы алады немесе олар жұмыс орнынан кете алады. Бұл төлемдер зейнеткерлік жасқа дейін тағайындалады», – деп атап өтті спикер. 

Төлемдер төрт жерден беріледі: республикалық бюджеттен, жұмыс берушіден, сақтандыру компанияларынан және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан.