Оның айтуынша, 5 мыңнан астам орын университеттің жанындағы, ал қалғаны жекеменшік жатақханаларда орналасқан. 15 жатақхана жөнделді. Жыл сайын екі жатақханада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Бүгінгі таңда жалпы университеттің жатақханалары, жалға алған жекеменшік жатақханалардың барлығы түгелдей 26 тамыздан бастап, оқуға түскен, бұрыннан оқып жүрген студенттерді қабылдауға толықтай дайын. Қазіргі таңда біздің университет бойынша жатақханаға тіркелу онлайн жүйе арқылы тапсырылады. Университет сайтында барлығы бар. 1438 орын тапшылық болып отыр. Оны 800 орындық жеке меншік хостелмен келісімшарт жасап, осы мәселені де шешіп отырмыз», - деді спикер.
Университет оқуға түсуге қажетті шекті балл көрсеткішін ұлғайту арқылы студенттер санын едәуір азайтты. Соның арқасында жатақхана мәселесін тез арада шешу мүмкін болды.