«Еуразиялық сауда жүйесі тауар биржасы» АҚ-да жалпы сомасы 793 млн теңгеге 112 мәміле, «Каспий» тауар биржасы» АҚ-да 13,1 млрд теңгеге 439 мәміле жасалды, «Modern Trading Solutions» тауар биржасы» АҚ-да жалпы сомасы 2,8 млрд теңгеге 628 мәміле жасалды. 

«Аталған мәліметтер ресми статистикалық деректер болып табылады, олар ай сайын Агенттіктің сайтында орналастырылады. Тауар биржалары арқылы көмір көп жылдан бері сатылып келеді және көптеген аймақтық оператор тауар биржасында дилер ретінде тиісті аккредитацияға немесе биржалық брокерлермен шарттық қатынастар орнатқан. Әдетте, көмірдің негізгі биржалық саудасы қыркүйек-қазан айларында өтеді. Өңірлік көмір разрездерінің тауар биржасы арқылы ішкі нарыққа жоспарланған көлемнің 50%-ын өткізу туралы міндеттемелері бар, бірақ іс жүзінде 100%-ы биржа арқылы өтеді. Егер осы кезеңде бізде сатып алушы ретінде жаңа қатысушылар пайда болса немесе өңірлік операторлар брокердің қызметінен бас тарту туралы шешім қабылдаса және тауар биржасында өз мүдделерін білдірсе, біз осы іс-шаралардың барлығын алдын ала өтуді ұсынамыз. Себебі тауар биржасында аккредиттеу уақыт алады», – деп түсіндірді ҚР БҚА Биржалық бақылау департаментінің директоры Әсел Ортақбаева. 

Құжаттардың дұрыс ресімделмеуіне байланысты, мысалы, сауда-саттыққа қатыспау қаупі артады. Аккредиттеуден негізсіз бас тарту туралы келіп түскен шағымдардың көбі расталмаған болып табылады. Тауар биржаларының сайттарында аккредиттеуден өту үшін қажетті құжаттардың толық тізбесі орналастырылған.