«Аталған бұзушылықтар негізінде, 900-ге жуық лауазымды тұлға тәртіптік, 259-ы – әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Азаматтардың құқықтары толығымен қалпына келтірілді. Атап айтқанда, бұлар 1 млрд тенгеден астам түрлі субсидияларға, 400-ге жуық жер телімдеріне рәсімдеу құқықтарын қалпына келтіруге және тағы басқа игіліктерге қол жеткізумен байланысты», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.