Біліктілікті тану кәсіптік стандарттар негізінде жүзеге асырылады және үміткердің белгілі бір кәсіптің талаптарына сәйкестігін бағалайды.
Барлығы өз дағдыларын растауға болатын кәсіптер тізіліміне экономиканың түрлі салаларынан 500-ден астам кәсіп кіреді. Бұл тізімге келешекте еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкес келетін жаңа мамандықтарды енгізу жоспарлануда.
Қазіргі жұмыс істеп тұрған үш кәсіптік тану орталығы туризм және қонақжайлылық (17 кәсіп) пен ақпараттық технологиялар (20 кәсіп) салаларына маманданған. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін барлық қажетті рәсімдерді Career Enbek цифрлық платформасында онлайн өтуге болады.
Аккредиттелген ұйымдар желісін кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Осылайша, аккредиттеуге тиісті дайындық рәсімдерін кәсіптік біліктілікті танудың тағы 20 әлеуетті орталығы жүргізеді.