Атап айтқанда, Қызылорда облысының шаруаларына 2,93 млрд текше метрден астам су берілді. Түркістан облысының дихандары 1,52 млрд текше метрден астам сумен қамтамасыз етілді. Жетісу облысының шаруаларына 887 млн текше метр су берілді.
Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалы жергілікті шаруаларға 410 млн, «Үлкен Алматы каналы» филиалы 400 млн және Қ.Сәтбаев атындағы канал 316 млн текше метр су жіберді.
«Барлық өңірде суару кезеңі кестеге сай өтіп жатыр. Бүгінгі таңда еліміздің шаруаларымен суармалы су беруге 24 мыңға жуық келісімшарт жасалды. Көрші елдермен де келісімдер бар. Мысалы, 1 сәуірден бері Өзбекстаннан Сырдария өзені арқылы елімізге 4 млрд текше метрден астам су келді. Тәжікстан 1 маусымнан бастап мемлекетаралық «Достық» каналы арқылы 488,6 млн текше метр су жіберді. Ал Қырғызстан Қазақстанға Шу және Талас өзендері арқылы 532 млн текше метрден астам су жіберді», –деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.