Әңгімелесу барысында Қазақстан Энергетика министрлігінің басшысы тәжік тарапының электр энергетикасындағы ынтымақтастық орнату ниетін атап өтті.
Тараптар 2023 жылы 2023-2032 жылдары «Рогунская ГЭС» ашық акционерлік қоғамы өндіретін электр энергиясын жеткізу бойынша өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды.
«Меморандум шеңберінде Өзбекстан Республикасының электр желілері бойынша электр энергиясын транзиттеудің техникалық мүмкіндігі мен келісілген режимдерінің болуын ескере отырып, Рогунск ГЭС-тен Қазақстанға электр энергиясының ықтимал экспортының техникалық параметрлері мен коммерциялық шарттарын қарастыру жоспарланғанын қанағаттанушылықпен атап өтемін», – деді А.Сәтқалиев.
Тараптар 2024 жылғы 15 қазанға дейін Орталық Азия елдерінің мүдделі ұйымдарымен іргелес мемлекеттердің энергия жүйелері арасындағы электр энергиясының жоспардан тыс ағындарын реттеуге шарттар жасасу мүмкіндігін пысықтауға келісті.