«Пара дзюдодан ұлттық құрама өкілі Жұрқамырзаны Париждегі Паралимпия ойындарында қола медаль жеңіп алуымен шын жүректен құттықтаймын. Жерлесіміздің жүлдесі тек спорттық жетістік емес, бұл - ерік-жігердің, мақсатқа жетудегі табандылықтың және үлкен рухтың символы.

Біз пара дзюдошымыздың жеңісін мақтан тұтамыз және еліміздің даңқын әлемдік аренада асқақтатқанына қуаныштымыз. Отандасымызға алдағы сайыстарда тек жоғары жетістіктер мен табыс тілеймін. Оның батылдығы мен табандылығы көпке үлгі», – деді туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.