Оның айтуынша, бұл жобалар арасында өндірістік объектілерді салу және жаңғырту бар. Мәселен, мұндай жобалар аясында 100 жаңа жұмыс орнын ашу, жыл сайын 500 млн теңге салық төлеу, өнімнің 20%-н экспортқа шығару көзделген.
«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында заң субъектілерінің әлеуметтік – мәдени нысандарды салуға атсалысу қажеттілігін атап өтті. Бұл бағыт бойынша да жұмыс жүргізілуде. Комитетпен 12 млрд теңгеге әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы келісімдер жасалды. Заң субъектілер заманауи мәдени білім беру орталығын, спорт манежін, тұрғын үй кешенін салады. Сондай-ақ мұқтаж жандарды оңалту және әлеуметтендіру бағдарламаларын қаржыландыратын болады», – деді ведомство өкілі.
Комитеттің активтерді қайтару бойынша жұмысы 4 негізгі компонентті қамтиды: республикалық бюджетті толықтыру, активтерді заттай қайтару, капиталды қайта инвестициялау, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру.
Активтерді ерікті қайтару бағыты бойынша қол жеткізілген көрсеткіштер - заң субъектілерін мемлекетпен диалог құруға ниет білдіруінің және қордаланған капиталды ұлттық экономикаға, халықтың игілігі мен Қазақстанның өркендеуіне жұмсауға дайын болу нәтижесі.
«Егер мұндай бастамалар болмаса және Комитет активтердің пайда болу заңдылығына тиісімді күмәнданса, онда мәжбүрлеу тетіктері қолданылады. Бұл істе заңмен белгіленген негізі құрал – ол пайда болуы түсініксіз актив туралы талап-арыз. Мұндай сот істері бойынша дәлелдеудің негізі ауыртпашылығы жауапкерге жүктелген. Егер жауапкер Комитеттің активтердің пайда болу заңсыздығы туралы уәждерін сенімді түрде жоққа шығара алмаса, онда мүлік сот шешімі бойынша мемлекет пайдасына айналдырылады», – деді спикер.
Жыл басынан бері Комитет 15 млрд теңге сомасына 3 талап-арыздың сотқа енгізілуін мақұлдады.