Акция аясында республика бойынша барлығы 3 мыңға жуық адамның қатысуымен 300-ден астам нысан эко-мониторингпен қамтылды.
Жобаның мақсаты – жұртшылықты табиғатты қорғауға және оған ұқыпты қарауға, проблемалық мәселелерді анықтап, азаматтық қоғамды белсенді тарта отырып шешу. Сондай-ақ өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді қатысуға және жалпы әл-ауқатқа үлес қосуға дайын күшті, ұйымшыл және жауапты қоғам құруға ықпал етуге бағытталған.
Акция 4 тақырыптық апта шеңберінде өткізілді:
- Туристік және тарихи-мәдени нысандардың эко-мониторингі апталығы (15-22 тамыз);
- Абаттандыру, оның ішінде жасыл желектерді күту және суару саласындағы эко-мониторинг апталығы (23-30 тамыз);
- Стихиялық полигондардың эко-мониторингі апталығы (31 тамыз - 7 қыркүйек);
- Жер қойнауын пайдалану объектілерінің эко-мониторингі апталығы (8-15 қыркүйек).
Акцияға Қоғамдық кеңес мүшелері, 600-ден астам экологиялық және қоғамдық ұйымдар, эко-блогерлер, эко-еріктілер, БАҚ өкілдері қатысты.