Оның бірінші кезеңі тарихи және жедел гидрометеорологиялық деректерді, гидропосттардың нақты координаттарын, реперлердің белгілерін және т. б. жинаудан тұрады.  Екінші кезең GloFAS жаһандық су тасқыны туралы ескерту жүйесімен интеграциялауды жоспарлап отыр. 

«Жүйені тестілік режимде іске қосу осы жылдың 1 желтоқсанына жоспарлануда», — деді Жаслан Мәдиев.

Сонымен қатар, көктемгі су тасқыны нәтижесінде Қазақстанда республикалық маңызы бар трассалардың 122 учаскесінде жол жиектері мен жол төсемі шайылып кетті. Мұндай деректерді Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев келтірді. Қазіргі уақытта оларды қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Жөндеуге қажетті қаражат толық көлемде бөлінген.
 
Жергілікті маңызы бар жолдар туралы айтатын болсақ, мұнда Көлік министрлігінің мәліметінше, 414 учаскеде бүліну тіркелді. Жергілікті бюджеттер есебінен оның 233–де жұмыс толығымен аяқталды. Қалпына келтіру жұмыстарының қалған бөлігін құрылыс маусымының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.