«Вакцинада тірі вирус, тіпті оның ДНҚ-ы жоқ. Сондықтан ол қауіпсіз деп саналады, жұқтыруға еш себеп жоқ. Бұл қазіргі заманғы вакциналар, жанама әсерлері жоқ деп айтуға болады», - деп атап өтті спикер ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында.

Астана қаласының «Көпбейінді медициналық орталық» ШЖҚ МКК директоры Мұхтар Төлеутаев жатыр мойны обырының, әсіресе, жас қыздардың ағзасындағы агрессивтілігі туралы айттты.  

Сарапшының пікірінше, вакциналау, сондай-ақ уақытылы скрининг, профилактикалық физикалық тексеру және кеңес беру онкологияның соңғы сатыларының алдын алудың ең жақсы әдісі болып табылады.