Сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын көрсету ережесінде қолдау шараларына ие болған жеке кәсіпкерлер үшін қарсы міндеттемелер қарастырылған.
«Мемлекеттік қолдау алған ішкі сауда субъектісі сауда сөресінің 20%-на отандық азық-түлік өнімдері мен азық-түлік емес өнімдерді орналастыру керек. Жалпы Ішкі сауда ережесінде көрсетілген «сауда сөресінің 30%-ы отандық азық-түлік өнімдерін өндірушілердің үлесіне берілуі керек» деген міндеттемені қосатын болса, бұл көлем 50%-ға жетеді. Сондай-ақ қолдау алған ішкі сауда субъектісі сауда сөресінің тағы 20%-ын отандық азық-түлік емес өнімдерін өндушілердің үлесіне беруі қажет», – деді ведомство өкілі.
Ішкі сауда субъектілерін мемлекеттік қолдау – экономикалық белсенділіктің өсуіне, әлеуметтік салаға, шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ сауда инфрақұрылымын дамытуға оң әсерін тигізеді.