Экономикалық үдерістерді цифрландыру перспективалары талқыланған Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысына Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ Иранның бірінші вице-президенті қатысты.
Премьер-Министр өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО шеңберінде цифрландыруды дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Форумда қазақстандық тарап қатысушы елдер арасында мемлекетаралық деректер мен электронды құжаттар алмасуға мүмкіндік беретін Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін толыққанды енгізу қажеттігін атап өтті.
ЕҮАК отырысында шағын және кеңейтілген құрамда сауда, көлік және логистика, АӨК салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың бірлескен шаралары қаралды.