Кешенді қайта жаңғыртудың негізгі мақсаты - Түлкібас ауданындағы қолданыстағы және жаңадан игерілетін 8600 гектарға жуық егіс алқабын суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету болып табылады.

Мердігер мекеме реконструкциялау жұмыстарын жыл соңына дейін толық аяқтауды жоспарлап отыр.

🗣️«Құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтау үшін каналға темірбетон плиталарын төсейміз. Бұл канал салу және реконструкциялау тәжірибесіндегі тиімді тәсіл болып табылады», – деді Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Қазыбек Бедебаев.