Сондай-ақ ол республикалық фестиваль әр жылдары түрлі аймақта өткізілетінін еске салды. Әр ұжымнан фестивальге балалар мен жасөспірімдер тақырыбына арналған бір спектакль қойылды, оның премьерасы соңғы екі театр маусымында өтті. Іріктеуге бұрын халықаралық, республикалық театр фестивальдерінде жүлделі орындарға ие болған қойылымдардың қатысуына жол берілмейді.  

«Қазылар алқасы әр қойылымға толық кәсіби театрлық талдау жүргізеді. Сондай-ақ фестивальдің келесі номинациялар бойынша сыйлық иегерлерін анықтайды: «Үздік спектакль», «Үздік режиссерлік шешім», «Үздік сценографиялық шешім», «Үздік ер рөлі», «Үздік әйел рөлі», «Екінші пландағы үздік ер рөлі», «Екінші пландағы үздік әйел рөлі», «ШҚО әкімі атынан «Бердібек Соқпақбаев атындағы арнайы сыйлық», - деп түйіндеді спикер.