ҚР Қоғамдық мүддерлерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Бекжан Қарамановтың айтуынша, дауыс беру процесі өрескел бұзушылықтарсыз – қалыпты жағдайда өтуде.
«Бүгін прокуратура органдарына республикалық референдумға қатысты өтініштер түскен жоқ. Сондай-ақ қазіргі уақытта сот органдарына да талап арыздар енгізілмеген», - деді спикер.
ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, референдум учаскелеріндегі оқиғаларға уақытылы ден қою үшін әрбір ауданда мобильді жедел-тергеу топтары құрылды.
«Полицияның жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камераларының көмегімен референдум учаскелеріне іргелес аумақтарды бақылау күшейтілді. Жалпы, қазіргі уақытта референдум учаскелеріндегі жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ», - деді ІІМ ресми өкілі.