Биыл құтқару бөлімшелері өртке және авариялық-құтқару жұмыстарына 70 мыңнан астам шығу жасады, 12 мыңнан астам адам құтқарылды, ТЖ аймағынан 65 мыңнан астам адам эвакуацияланды, зардап шеккен 4,6 мың адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілді.

Батыр мамандық иелеріне зор денсаулық, бақыт, амандық тілейміз, әрқашан үйге аман-есен оралыңыздар! 

Біздің өмірімізді қауіпсіз етіп жүргендеріңізге рақмет! 

Мереке құтты болсын!