«Біздің балалар, спортшыларымыз керемет нәтижелер көрсетті, біз оларды мақтан тұтамыз және спортшыларымызды сәтті өнер көрсеткенімен құттықтаймыз. Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аясында біздің Samruk және Flame командаларымыз Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегерлері атанды», – деді спикер.

14-16 жас аралығындағы жасөспірімдерден тұратын Alan-Junior командасы Азия чемпионы атанды. Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері – Алматы LiEl командасы. Сеньорлар санатындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері – астаналық Samruk командасы. 

«Бүгінгі таңда Қазақстан командасы ірі жарыстарда өте жақсы нәтиже көрсетуде. Сеньорларда тек Жапония командасына ғана есе жібердік, ал жасөспірімдер арасында Жапония командасы тиісінше қола жүлдегер атанды», - деп түйіндеді федерация басшысы.