Президентке Solidcore Resources plc компаниясы Павлодар облысында «Ертiс ГМК» жаңа гидрометаллургия кешенінің құрылысын бастағаны жөнінде баяндалды. Болашақ зауыт жылына 300 мың тонна концентрат шығара алады. Құрамындағы алтынның үлесі 98 пайызға жуықтайтын Доре құймасын шығару жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Виталий Несис Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағандыда геологиялық зертхана салу жоспарын таныстырды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы компанияның отандық өнеркәсіпке қажетті инженер мамандар даярлау мақсатында қабылдаған шараларының маңызы зор екенін атап өтті.