ОКҚ алаңында ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев атап өткендей, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы бұйрық тікелей жүйеде шығарылады және бірден кредиттік бюролардың сервистеріне жіберіледі. Кредиттердің бар-жоғын анықтағаннан кейін екінші деңгейдегі банктер мен микрокредиттік ұйымдар бұл деректерді 14 ай мерзімге кейінге қалдыру үшін алады.  

«Бүгінгі таңда 42 мыңнан астам адам кредиттік демалыспен қамтылды. 10 мыңнан астам әскерге шақырылушыға жалпы сомасы 4 млрд теңгеге 15 мың қарыз берілді», – деді спикер.